Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Қазақстан хоккейшілері АҚШ-тан 10 гол жіберді

20.05.2024, 10:21

Әлем чемпионаты 26 мамырда мәресіне жетеді

Қазақстан хоккейшілері АҚШ-тан 10 гол жіберді
iihf.com

Чехияда өтіп жатқан шайбалы хоккейден әлем чемпионатының элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы АҚШ-тан ойсырай жеңілді.

Бұл кездесуде де АҚШ құрамасы бірден ойын тізгінін өз қолына алып, Никита Бояркин қақпасына қалағанша гол соқты. Алғашқы екі кезеңде – жеті, үшінші 20-минуттықтағы тағы үш шайба салды.

Ал, Қазақстан сапынан тек Әлихан Өмірбеков бір гол соға алды. Қорытынды есеп –10:1.

Чехияның Прага және Острава қалаларында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық хоккейшілер В тобында Франция, Словакия, Латвия, Швеция, Германия, АҚШ және Польшамен сынға түсіп жатыр.

Бұған дейін Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері тек Франциядан басым түсті. Ал Словакия, Латвия, Швеция, Германияға есе жіберген. Енді бүгін Польшамен кездеседі.

Әлем чемпионаты 26 мамырда мәресіне жетеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам