Бұл ұлттық құраманың бес ойындағы төртінші жеңілісі
Чехияда өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасын Германиядан 2:8 есебімен ойсырай жеңілді. Осылайша, Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері турнир кестесінің жетінші орнына жайғасты.
Германия сапынан Максимилиан Шубер (2-минут), Паркер Туоми (3-минут), Джон-Джейсон Питерка (22-минут), Лукас Райхель (29 және 51-минуттар), Лукас Каэльбле (36-минут), Фредерик Тиффельс (55-минут) және Максимилиан Кастнер (59-минут) гол соқты.
Ал, Қазақстан тарапынан команда капитаны Роман Старченко (8-минут) мен Артем Королев (52-минут) бір-бірден көзге түсті.
Тоғыз ұпай жинаған немістер турнир кестесінің екінші сатысына көтерілді. Небәрі үш ұпайы бар қазақстандық команда сегіз команда арасында жетінші орында келеді. Мәмбетәлиев шәкірттері жалғыз жеңіске Францияға қарсы ойында қол жеткізген болатын.
Келесі матчты Қазақстан 19 мамырда АҚШ құрамасына қарсы өткізеді. Жерлестеріміз жарыстың плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айрылды.