Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Хоккейден 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға іріктеу ойындары өтеді

12.07.2024, 15:52

Қазақстан құрамасының жарыс кестесі жарияланды

Хоккейден 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға іріктеу ойындары өтеді
icehockey.kz

29 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Словакияның Братислава қаласында шайбалы хоккейден 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға іріктеу турнирі өтеді.

Аталған турнирге қатысатын Қазақстан құрамасының жарыс кестесі жарияланды. 

Финалдық іріктеу кезеңі аясында шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Австрия, Венгрия және Словакия құрамаларымен кездеседі. 

Жарыс кестесі төмендегідей: 

29 тамыз, 17:00

Қазақстан - Венгрия

30 тамыз, 17:00

Қазақстан - Австрия

1 қыркүйек, 21:00

Словакия - Қазақстан

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам