«ҚХЛ-ден кет, өзіңді масқаралама»: «Барыс» жанкүйерлері ашуға мінді

30.11.2023, 10:22

Астаналық хоккейшілер кезекті рет ірі есеппен жеңілді

«ҚХЛ-ден кет, өзіңді масқаралама»: «Барыс» жанкүйерлері ашуға мінді
ХК "Барыс"

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті туры өтіп, «Барыс» өз айдынында «Витязь» командасына ойсырай жеңілді. Ал, жанкүйерлер болса жеңілістен көз ашпаған клубтың ойыншылары мен бапкерін ҚХЛ-ден кетуін талап етіп отыр.

Айта кету керек, «Барыс» соңғы 14 ойынның 11-де жеңілді. Кешегі матчта тіркелген 2:5 есебі Мәмбетәлиев шәкірттері үшін үйреншікті жағдайға айналды десе де болады.

Жанкүйерлер өз ашуы мен ызасын әлеуметтік желіде білдіріп жатыр. Олар астаналық клубтың ресми парақшасына эмоцияға толы жазбалар қалдыруда. Көбі жаттықтырушыны отставкаға жіберу керек десе, тағы біразы командаға толықтай өзгерістер енгізбесе проблема шешілмейді дейді.

Ал, «Барыс» бас бапкерінің міндетін уақытша атқарып жатқан Ғалым Мәмбетәлиев әзірге жанкүйерлерге жауап қатқан жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Марат Достаевпен Подкаст. Неге ҚФФ Медиалигаға тыйым салмайды?