Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Жанкүйерлер наразылығынан кейін «Барыс» көптен күткен жеңісіне қол жеткізді

30.11.2023, 21:33

Дегенмен, астаналық команданың плей-офф кезеңіне жолдама алуы екіталай

Жанкүйерлер наразылығынан кейін «Барыс» көптен күткен жеңісіне қол жеткізді
ХК "Барыс"

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті туры аясында Астананың «Барысы» өз алаңында Магнитогорск қаласының «Металлург» клубын қабылдады. Жеңілістен көз ашпаған Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері бұл жолы 5:2 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, соңғы матчта «Барыс» өз алаңында «Витязьдан» дәл осындай есеппен жеңілген болатын. Бұдан кейін жанкүйерлер Мәмбетәлиевтің отставкасын және «Барыстың» ҚХЛ-ден кетуін талап етті.

Осы жайт «Барыс» ойыншыларын қанаттандырса керек, бүгінгі ойынды олар жоғары қарқынмен бастап, үш период бойы қарсыласты тықсырумен болды. Бірінші кезеңде Аркадий Шестаков көзге түссе, екінші кезеңде Даниил Апальков пен Эмиль Нургалиев гол соқты. Ал, үшінші шешуші кезеңде Алихан Өмірбеков пен Әділ Бекетаев астаналық клубқа жеңіс алып келді. «Металлург» сапынан Дмитрий Силаньтев Никита Михайлис бір-бір шайбадан соқты.

Бұл жеңіліске қарамастан «Металлург» Шығыс конференциясындағы бірінші орнын сақтап қалды. Ал, «Барыс» осы конференцияның соңғы 12-ші орнында келе жатыр. Турнир соңына дейін астаналқ клубтың үздік сегіздікке енуі екіталай.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам