“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

«Барыс» ҚХЛ-дың жаңа маусымы алдында қатарынан үш ойында жеңілді

24.08.2024, 16:39

Былтырғы сәтсіздіктен кейін астаналық клубтың бас бапкері ауысқан болатын

«Барыс» ҚХЛ-дың жаңа маусымы алдында қатарынан үш ойында жеңілді
hctraktor.org

Былтыр Құрлықтық хоккей лигасында аса сәтсіз өнер көрсетіп, топта соңғы орын алған «Барыс» биыл да жанкүйерлерін қуанта алмайтын секілді. ҚХЛ-дың жаңа маусымы алдында астаналық клуб Омбыда (Ресей) өтіп жатқан Блинов кубогіне қатысып жатыр. Немировский шәкірттері жарыста үш матч өткізіп бәрінде жеңіліп қалды.

Алдымен «Авангардтан» овертаймда жеңілген «Барыс» артынша «Сібірден» ойсырай ұтылды, есеп – 0:4. Ал, бүгін «Тракторға» қарсы айдынға шыққан астаналықтар тағы да ресейлік командаға есе жіберді (2:4).

Бірінші кезеңде «Трактор» сапынан Михаил Котляровский мен Сергей Телегин жылдам екі шайба соғып, челябілік команданы алға шығарған. «Барыс» сапынан Жамир Жафяров бір голмен жауап қатты.

Екінші кезеңде Никита Тертышный есепті 3:1-ге жеткізгенімен, Элиссон Уэйд «Трактор» қақпасын дәл көздеп, астаналықтарға үміт сыйлады. Десе де, үшінші кезеңде Чарльз Робинсон ойындағы соңғы нүктені қойды, есеп – 4:2, «Трактордың» пайдасында.

Айта кетейік, Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымы 3 қыркүйекте басталады. Астананың «Барысы» 4 қыркүйекте өз айдынында «Нефтехимикті» қабылдайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам