Мейірімнің лицензиясын Жәнібекке берген кім? Қазақ пен қазақ жұдырықтассын! Жаңа подкаст!

«Барыс» барлық ойында жеңіліп, Блинов кубогында соңғы орын алды

25.08.2024, 15:04

Санаулы күндерден кейін ҚХЛ-дың жаңа маусымы басталады

«Барыс» барлық ойында жеңіліп, Блинов кубогында соңғы орын алды
Барыс ХК

Астананың «Барыс» командасы Ресейдің Омбы қаласында өтіп жатқан шайбалы хоккейден Блинов кубогында барлық матчта жеңілді.

Бүгін олар төртінші ойынын «Локомотивке» (Ярославль) қарсы өткізген болатын.

Бас бапкер Дэвид Немировски айдынға В.Никитин (Шестаков) - Бутчер-Больё, Смит-Маклауд-Колобов; Королёв-Камалов, Буяльский-Кодола-Смольянинов; К.Никитин-Жүсіпбеков, Логвин-Өмірбеков-Симонов; Сулейменов-Решетько, Саркенов-Апальков-Бойко құрамын шығарған.

«Локомотив» 5:2 есебімен жеңіске жетті. Барлық ойында жеңілген «Барыс» топта соңғы орында қалды. Бұған дейін астаналық команда «Авангард» (3:4 ОТ), «Сибирь» (0:4) және «Трактор» (2:4) клубтарына есе жіберген еді.

Енді «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы төрт ойынын елордада өткізеді. Алдымен 4 қыркүйекте Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасын қабылдаса, одан кейін 6 қыркүйекте «Трактор» (Челябі), 9 қыркүйекте «Амур» (Хабаровск), 13 қыркүйекте Беларусьтің «Динамо» (Минск) командаларымен жолығады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам