“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Шотландиялық фанат қазақ хоккейшісін нәсілі бойынша кемсітті

27.08.2024, 09:34

Биыл «Файф Флайерз» командасы Қазақстанның төрт ойыншысын қатарына қосқан болатын

Шотландиялық фанат қазақ хоккейшісін нәсілі бойынша кемсітті
скрин YouTube

Шотландияның «Файф Флайерз» хоккей клубында өнер көрсететін қазақ Мәди Диханбекті қарсылас команданың жанкүйері нәсілшілдік тұрғысында кемсітті деп жазады «Шайба.кз».

Оқиға «Данди Старз» командасына қарсы ойында болған. Матч кезінде фанаттардың бірі бортқа жақындаған Мәдиге «көзің қысық» дегенді қолымен ишаралаған. Бұл сәт камера объективіне жазылып қалған. Клуб басшылығы осы жайттан кейін Мәдиден кешірім сұрап, расист жанкүйердің жазаланатынын айтты.

«Біз сенбі күні болған бұл оқиға туралы білдік. Ол адамның кім екенін анықтадық және енді команданың ойындарына кіруге оған қатаң тыйым салынады. Біз расизмді қатаң айыптаймыз және жол бермеу үшін барымызды саламыз», - делінген «Данди Старз» командасы таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, «Файф Флайерз» командасы биыл жазда Қазақстанның төрт ойыншысын – Максим Мусоров, Артур Гатиятов, Николай Шульга және Мәди Диханбекті өз қатарына қосты. Олардың барлығы да «Барыс» мектебінің түлектері.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам