Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

«Барыс» «Ақ Барстан» тас-талқаны шығып жеңілді

20.09.2024, 00:02

Немировски шәкірттері 60 минутта бірде-бір гол соға алған жоқ

«Барыс» «Ақ Барстан» тас-талқаны шығып жеңілді
Барыс ХК

Құрлықтық хоккей лигасында жеңілістен көз аша алмай жүрген Астананың «Барысы» Қазанға қонаққа барып, жергілікті «Ақ Барстан» тас-талқаны шығып жеңілді, есеп – 0:5.

Астаналық команда бірінші кезеңінде өз қақпасына екі шайба жіберіп алды. 10-минутта Дмитрий Яшкин есеп ашса, араға үш минут салып Кирилл Е.Семенов таблодағы көрсеткішті 2:0-ге жеткізді.

Екінші кезеңде «Барыс» есін жиғандай көрінген. Дегенмен, қос команда да жанкүйерлерін соғылған голмен қуанта алмады. Ал, ойынның шешуші үшінші бөлігінде қазандық команда «Барыс» қақпасына жауапсыз үш шайба соғып, сенімді жеңіске қол жеткізді. Гол авторлары: Александр Барабанов (44-минут), Егор Коршков (45-минут) және Никита Дыняк (57-минут).

Дэвид Немировски жаттықтыратын астаналық «Барыс» осылайша бес матчтың төртеуінде жеңілді. 21 қыркүйекте жерлестеріміз сырт айдында «Витязь» клубымен өзара мықтыны анықтайды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам