Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

«Кездейсоқтық па?»: қатарынан төрт рет жеңілген «Барыс» есін жия бастады

18.09.2024, 10:54

Енді 19 қыркүйекте астаналық команда «Ақ Барспен» ойнайды

«Кездейсоқтық па?»: қатарынан төрт рет жеңілген «Барыс» есін жия бастады
Автомобилист ХК

Құрлықтық хоккей лигасының бесінші турында Астананың «Барысы» сырт айдында «Автомобилист» командасымен кездесіп, маусымдағы алғашқы жеңісіне жетті.

Айта кетейік, бұған дейінгі төрт ойынның бәрінде Дэвид Немировски шәкірттері жеңіліп, небәрі бір ұпаймен турнир кестемсінің ең соңғы орнына жайғасқан еді.

Екатеринбургте өткен ойында матчтың негізгі бөлігі 1:1 есебімен тең аяқталды. Бірінші кезеңде «Барыс» сапынан Кирилл Савицкий есеп ашса, екінші кезеңде «Автомобилист» таразы басын теңестіріп кетті. Үшінші кезеңде командалар гол соға алған жоқ. Матч жеңімпазы овертаймда анықталды. Старченконың берген пасын Маклауд голға айналдырып, «Барысқа» көптен күткен жеңіс алып келді.

Астаналық клуб расымен де есін жия бастады ма, әлде бұл жеңіс – кездейсоқтық па, ол жағы 19 қыркүйекте белгілі болады. Бұл күні Немировски шәкірттері Қазанға барып, жергілікті «Ақ Барспен» өзара мықтыны анықтамақ.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам