Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

«Барыс» тағы жеңілді: астаналықтар 8 матчтың тек бірінде жеңіске жеткен

24.09.2024, 22:00

Команда алдыңғы ойыннан кейін бапкерсіз қалған болатын

«Барыс» тағы жеңілді: астаналықтар 8 матчтың тек бірінде жеңіске жеткен
Барыс ХК

FONBET-ҚХЛ чемпионатының кезекті турында Астананың «Барысы» өз айдынында мәскеулік «Динамоны» қабылдап, 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

Ойынның бірінші кезеңі қауіпті шабуылдарға толы болғанымен, жанкүйерлер соғылған бір ғана шайбаның куәсі болды: матчтың алтыншы минутында қонақтар сапынан Никита Гусев есеп ашты.

27-минутта «Барыстың» қақпасына екінші шайба кірді, гол авторы – Уил Джордан. Ал, 29-минутта Әлихан Өмірбеков есепті қысқартты.

Астаналықтар осыдан кейін гол соға алған жоқ. Ал, «Динамо» сапынан Никита Гусев дубль авторы атанып, матч нүктесін қойды.

Осылайша, «Барыс» FONBET-ҚХЛ чемпионатында өткізген 8 ойынның жетеуінде жеңілді. Астаналықтар турнир кестесінің соңғы орнында. Келесі ойынын олар 26 қыркүйекте «Сочиге» қарсы өткізеді.

Еске салайық, 24 қыркүйекте «Барыс» бас бапкерсіз қалған болатын. Жеңілістер сериясынан кейін команданы жаттықтырған Дэвид Немировски отставкаға кеткенін мәлімдеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам