Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

«Барыс» жаңа бапкермен алғашқы жеңісіне қол жеткізді

26.09.2024, 22:49

Алпыс минутта хоккейшілер небәрі бір шайба соқты

«Барыс» жаңа бапкермен алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Барыс ХК

Жеңілістен көз ашпаған «Барыс» хоккей клубы бас бапкерін ауыстырғаннан кейінгі бірінші матчта жеңіске жетті. Астанада «Сочиді» қабылдаған Вячеслав Буцаев шәкірттері 1:0 есебімен басым түсті.

Ойындағы жалғыз голды бірінші периодта Уэйд Эллисон соқты. Мұнан кейін қос команда да өткір шабуылдағанымен, қалған 40 минутта мүлдем гол соғылған жоқ.

Айта кетейік, «Барыс» хоккей клубын маусым басталғанда Дэвид Немировский жаттықтырған болатын. Алайда, ҚХЛ-дегі сегіз ойынның жетеуінде жеңілгеннен кейін ресейлік маман отставкаға кетті.

Тоғыз матчтан кейін небәрі 5 ұпай жинаған астаналық клуб турнир кестесінің соңғы 12-сатысында келеді. Келесі матчты астаналықтар 28 қыркүйекте өз айдынында «Витязь» командасына қарсы өткізеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам