Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Хоккейден Азия чемпионатындағы Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды

04.10.2024, 15:16

Чемпионатқа 4 елдің құрамасы қатысады

Хоккейден Азия чемпионатындағы Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды
instagram.com/kazakhstanhockey

Алматыда 6-9 қараша күндері хоккейден ел тарихында алғаш рет Азия біріншілігі өтеді. Аталған құрлық додасында ұлттық құраманың көк айдындағы қарсыластары белгілі болды.

Хоккей федерациясының мәліметінше, Қазақстан, Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея құрамалары қатысып, кездесулер Halyk Arena-да жалғасады.

Бұл сында жеңімпаз айналмалы жүйе бойынша өтіп, турнирлік кесте нәтижелері арқылы белгілі болмақ. Аталған біріншілікте ұлттық құрама қатысушы барлық командамен шеберлік байқасып, өзара мықтыны анықтайды.

Турнир кестесі төмедегідей:

6 қараша 2024, 16:00 – Жапония – Қытай

6 қараша 2024, 19:30 – Қазақстан – Оңтүстік Корея

8 қараша 2024, 16:00 – Жапония – Оңтүстік Корея

8 қараша 2024, 19:30 – Қазақстан – Қытай

9 қараша 2024, 16:00 – Қытай – Оңтүстік Корея

9 қараша 2024, 19:30 – Қазақстан – Жапония.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам