Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Экс-министр Ермек Маржықпаевтың інісі «Барысқа» директор болмақшы

12.10.2024, 22:24

Басшылық орынға төрт кандидат таласып жатыр

Экс-министр Ермек Маржықпаевтың інісі «Барысқа» директор болмақшы
Барыс ХК

Екі маусым қатарынан жеңілістен көз ашпаған «Барыс» хоккей клубының бас директоры Борис Иванищев отставкаға кеткеннен кейін бұл «майлы орынға» талас басталып кетті. Кандидаттардың қатарында бұрынғы спорт министрі Ермек Маржықпаевтың інісі Рахат Маржықпаев та бар.

«Головой об лёд» дерегінше, қазір «Барыстың» бас директоры лауазымына астаналық клубтың бас менеджері Олег Болякин көз тігіп отыр.

Сонымен қатар, бұрынғы спорт министрі Ермек Маржықпаевтың немере інісі әрі «Барыстың» спорттық директоры Рахат Маржықпаев та бұл қызметтен үмітті. Ол біраз жыл бұрын бокстан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы болған.

Бұдан бөлек, үміткерлер тізімінде Вячеслав Борисов бар. Ол кезінде «Снежные Барсы» және «Номад» клубтарында ойнап, мансабын аяқтаған соң жеке хоккей клубын ашты.

Тағы бір үміткер — Көкшетаудың бұрынғы әкімі Бауыржан Ғайса. 

Соңғы үміткердің аты-жөні айтылған жоқ, дегенмен оның алматылық кәсіпкер екені ғана белгілі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам