Чемпионат Венгрияда өтіп жатыр
Венгрияда жалауын көтерген хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатын Қазақстан құрамасы жеңіспен бастады. «A» тобында өнер көрсетіп жатқан жерлестеріміз бірінші ойында алаң иелері – Венгрия хоккейшілерімен кездесіп, 5:2 есебімен жеңіске жетті.
Бірінші кезеңнің төртінші минутында есепті Қазақстан хоккейшісі Давлат Нүркенов ашты. Көп ұзамай Егор Смолянинов есепті еселеді. Екінші кезеңнің соңына қарай венгрлер есепті теңестіріп кетті. Ал, үшінші кезеңде қазақстандық команда қарсылас қақпасына жауапсыз үш шайба соғып, маңызды жеңіске қол жеткізді.
Венгрия – Қазақстан – 2:5 (1:2, 1:0, 0:3)
0:1 – 03:36 - Нұркенов (Оразов, Ким)
0:2 – 12:14 - Смолянинов (Ермак, Оспанов) Г.Б
1:2 – 13:26 - Михалик (Добош)
2:2 – 38:16 - Добош (Хисл, Байко)
2:3 - 48:47 - Авдеенко (Нұркенов)
2:4 – 52:40 - Логвин (Хан, Ермак)
2:5 – 57:13 - Логвин Г.М
11 желтоқсанда Сергей Старыгин шәкірттері Данияға қарсы ойнайды.