Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Барыста» Ресей бапкерлері жұмыс істеуі керек – орыс сарапшысы астаналық клуб басшыларына шүйлікті

23.10.2024, 09:15

Қазақстандық клубтың басшылығына қазақ мамандары келді

«Барыста» Ресей бапкерлері жұмыс істеуі керек – орыс сарапшысы астаналық клуб басшыларына шүйлікті
Барыс ХК

Ресейлік сарапшы, «Трактор» хоккей клубының бұрынғы директоры Андрей Баландин «Барыс» клубындағы ауыс-түйістерге қатысты мәлімдеме жасады.

«РБ Спорт» сайтына сұхбат берген сарапшы астаналық клубқа қазақ мамандарының жұмысқа келгеніне көңілі толмайтынын астарлап жеткізді.

«Қазақстандағы хоккейді кеңестік және ресейлік мамандар көтерген. Сондықтан, қазір ол жақта біздің ресейліктер жұмыс істеуі керек. Мейлі, қазақтармен бірге жұмыс істеуі керек. Бірақ, ол жақта қазір кіммен жұмыс істеу керегін өздері білмей жатқан сияқты. Хоккей билігіне талас жүріп жатқандай.

«Барыс» – аты мен заты қалыптасқан команда, жанкүйерлері де жақсы нәтижеге үйреніп қалған. Күтетіні де сол. Бірақ, биыл командада селекциялық жұмыс өте нашар жүргізілді», - деді Баландин.

Еске салайық, ҚХЛ-де соңғы екі маусымда «Барыс» сәтсіз өнер көрсетіп келеді. Былтыр астаналықтар турнирді соңғы орынмен аяқтаса, биыл да 18 матчтың тек үшеуінде жеңіске жетіп, турнир кестесінің соңғы сатысына түсті.

Осындай сәтсіздіктерден кейін клуб директоры отставкаға кетіп, бас бапкері де алмасты. Атап айтсақ, «Барысты» ұзақ жыл басқарып келген Борис Иванищевтің орнына қазақ Нұрлан Оразбаев тағайындалса, жаттықтырушы Вячеслав Буцаевты Ғалым Мәмбетәлиев алмастырды.

Еске салайық, бұған дейін тағы бір ресейлік маман Андрей Назаров «Барыстың» мәселесімен ресейліктер айналысуы керек деп мәлімдеген еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам