Олар кейін қол алысып тарқасты
Астананың «Барыс» клубының және Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы, әйгілі тафгай Дамир Рыспаев Өскемен қалалық мәслихатының депутатымен төбелесті.
13 желтоқсанда Өскеменде «Ұрпақтар шайқасы» атты жаңажылдық хоккей матчы өтті. Ерекше форматтағы хоккей тойы жергілікті Түнгі хоккей лигасының және «Торпедо» хоккей клубының мұрындық болуымен ұйымдастырылған.
Жолдастық кездесу барысында Түнгі хоккей лигасының басшысы, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Ерлан Можанов пен Дамир дәл осы Можановпен бір төбелесіп алды. Дамир қарсыласынан әлдеқайда ірі болғандықтан оны көп ұрған жоқ. Артынша екеуі қол алысып тарқасты.