Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 150 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 150 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Барыс» 12 матчқа созылған жеңілістер сериясын үзді

26.01.2025, 20:42

31 қаңтарда «Барыс» сырт айдында Омбының «Авангардымен» кездеседі

«Барыс» 12 матчқа созылған жеңілістер сериясын үзді
Барыс ХК

Астананың «Барысы» Құрлықтық хоккей лигасының кезекті туры аясында өз айдынында «Сибирь» клубын қабылдап, овертаймда жеңіске жетті.

Сарапшылар бұл кездесуде қонақтар жеңеді деп болжаған. Себебі елордалық ұжым қатарынан 12 матчта жеңілген болатын. Оның алдында да тәуір ойнағаны шамалы, маусым басталғалы бері үш рет бапкер алмастырып, легионерлердің көбін қуып тынды. Турнир кестесінің соңғы сатысында келеді.

Дегенмен, бүгінгі матчта Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері жеңіске деген жігер танытса керек, жанкүйерлерін бір қуантты.

Бас бапкер айдынға мына құрамды шығарды: Бояркин (Маттссон) — Бекетаев-Данияр, Сетдиков-Николишин-Савицкий; Хохлов-Антипин, Жафяров-Өмірбеков-Панюков; Гайтамиров-Королёв, Мұратов-Рахманов-Старченко; Диханбек-Бутенко, Қайыржан-Логвин-Гросс.

Алғашқы кезеңде командалар екі шайбадан соқты. Айдын иелері сапынан Виктор Антипин пен Никита Сетдиков мергендік танытты. Екінші кезеңде қонақтар бір голмен алға шыққанымен, үшінші кезеңнің соңғы секундтарында Сетдиков дубль авторы атанып, таразы басын теңестірді, тиісінше ойын овертаймға ауысты. Бұл кезеңде «Барыс» клубының мерейі үстем түсті. Жеңіс шайбасын тағы сол Сетдиков соғып, хет-трик авторы атанды. 

Енді 31 қаңтарда «Барыс» сырт айдында Омбының «Авангардымен» кездеседі.

«Барыс» (Астана, Қазақстан) — «Сибирь» (Новосібір, Ресей) 4:3 ОТ (2:2, 0:1, 1:0, 1:0)

Шайбалар:

1:0 — 09:05 Антипин (Жафяров)
1:1 — 10:41 Бутузов (Бек, Широков)
1:2 — 12:15 Гоголев
2:2 — 16:21 Сетдиков (Бекетаев, Николишин)
2:3 — 33:30 Аланов (Белоусов)
3:3 — 59:34 Сетдиков (Старченко, Савицкий) 
4:3 — 61:02 Сетдиков (Старченко, Бекетаев) 

Қақпашылар: Бояркин — Красоткин

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам