Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстан тағы бір ресейлік хоккейшіге азаматтық беріп, Азия ойындарына ала кетті

28.01.2025, 16:00

Қысқы құрлық ойындарында хоккей жарысы 7-14 ақпан аралығында өтеді

Қазақстан тағы бір ресейлік хоккейшіге азаматтық беріп, Азия ойындарына ала кетті
pro.ligasy.kz

Қазақстан хоккейінде ресейлік ойыншыларды натурализация жасау тоқтамай тұр. Бұл жолы Вячеслав Колесников есімді ойыншыға азаматтық берілді.

Ол енді Қытайдың Харбин қаласында өтетін Азия ойындарында Қазақстан намысын қорғамақ. Қысқы құрлық ойындарында хоккей жарысы 7-14 ақпан аралығында өтеді. Қазақстанның қарсыластарының қатарында Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Таиланд және Қытайлық Тайпэй бар.

24 жастағы Колесников Челябі хоккей мектебінің түлегі. Биылғы маусымда «Номад» сапында Pro Hokei Ligasy жарысында ойнап жүр. Ол 34 матчта 24 (12+12) ұпай жинады. Қазақстанға 2021 жылы келген. «Номадқа» дейін «Құлагер», «Арлан» командаларында, Ресейде «Спутник» және «Ермак» клубтарында өнер көрсеткен.

Соңғы кездері хоккейшілердің арасында Қазақстан азаматтығын алған жалғыз Колесников емес, осының алдында тағы бір экс-ресейлік Егор Наместников та Азия чемпионатында ел намысын қорғаған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам