«Барыс» ҚХЛ аутсайдерінен масқара болып жеңілді

02.02.2025, 18:31

Астаналық клуб 41 матчта жеңілген

«Барыс» ҚХЛ аутсайдерінен масқара болып жеңілді
Барыс ХК

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті туры аясында Астананың «Барысы» сыр айдында «Амурмен» (Хабаровск) кездесіп, ойсырай жеңілді.

Айта кету керек, «Барыс» турнир кестесінің соңғы 12-сатысында тұрса, «Амур» одан бір сатыға ғана жоғары орналасқан. Яғни, екеуі де – ҚХЛ аутсайдері.

Екі аутсайдердің ойыны тең жағдайда өтеді деп болжанған. Алайда, айдындағы жағдай мүлдем басқа болды: «Амур» үш кезең бойы шабуылдап, қазақстандық клуб қақпасына жауапсыз бес шайба соқты.

52 матч өткізген «Барыста» небәрі 28 ұпай бар. Астаналық команда 11 ойында жеңіске жетсе, 41 матчта жеңілген. «Амур» болса 31 ұпаймен бір саты жоғары тұр.

Келесі ойынын Мәмбетәлиев шәкірттері 4 ақпанда қонақта «Адмиралға» қарсы өткізеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам