Қазақстандық жас хоккейші Асанәлі Сәркенов америкалық клубтағы дебютін сәтті өткізді

03.02.2025, 20:51

Ол гол соғып, командасының жеңісіне үлес қосқан

Қазақстандық жас хоккейші Асанәлі Сәркенов америкалық клубтағы дебютін сәтті өткізді
Spokane Chiefs

Қазақстандық 18 жастағы хоккейші Асанәлі Сәркенов америкалық «Спокан Чифс» клубының сапындағы алғашқы ойынын сәтті өткізді.

Солтүстік Америкадағы WHL лигасының (Канада) кезекті туры аясында «Спокан Чифс» сырт айдында «Эверетт Сильвертипс» командасына қарсы ойын өткізген болатын. Матч 10:3 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталды. Асанәлі Сәркенов үшінші кезеңде гол соғып, «Спокан Чифстің» жеңісіне өз үлесін қосты.

Еске салайық, Асанәлі Сәркенов 2023 жылы Финляндияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында ойнаған. Сондай-ақ, топтық кезеңде 5 (4+1) үздік бомбардир атағына қол жеткізген. Турнирде Канадаға қарсы матчта хет-трик жасаған. 2022, 2023 жылдары «Снежный Барсы» (МХЛ) командасында 48 ойын өткізіп, 8 (5+3) ұпай жинады.

Ал, «Спокан Чифс» сапына өткен жылдың қыркүйек айында ауысқан.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам