
Бұған дейінгі екі матчта да Қазақстан ірі есеппен жеңіске жеткен
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында Қазақстан хоккейшілері кезекті жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы Олег Болякин шәкірттері Тайвань құрамасын 17:0 есебімен жеңіп отыр.
Алғашқы екі кезеңде қазақстандық хоккейшілер бес-бес шайбадан соқса, үшінші шешуші кезеңде Тайвань қақпасына жауапсыз жеті гол кірді.
Гол авторлары: Андрей Буяльский, Артем Лихотников, Евгений Рымарев, Кирилл Панюков (төрт гол, Әлихан Өмірбеков (екі гол), Артем Королев, Кирилл Савицкий, Самат Данияр, Дмитрий Гренц, Руслан Оспанов (екі гол ), Александр Борисевич және Денис Чапоров.
Бұған дейін болған екі ойында да Қазақстан өз қарсыластарын ірі есеппен жеңген болатын. Алғашқы матчта Таиландты 12:0 есебімен жеңсе, артынша Қытаймен 6:1 есебі тіркелді.
Енді 8 ақпанда біздің елдің командасы Жапония құрамасымен кездеседі.