Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстан құрамасының 27 жастағы хоккейшісінен допинг табылды

24.02.2025, 18:04

Бұл туралы Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік мәлім етті

Қазақстан құрамасының 27 жастағы хоккейшісінен допинг табылды
ХК "Торпедо"

«Торпедо» және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алексей Зубов үш жыл мерзімге 2027 жылдың 10 желтоқсанына дейін шеттетілді.

Оқиғаға қатысты Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) шешім шығарды. Ал хоккейші өз ағзасына анаболикалық стероидтің қалай түскенін білмейтінін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Азия чемпионатында алынған допинг-сынамасында тыйым салынған препараттың іздері табылған. Алексей Зубовтың талдауларынан оралтуринабол анықталды. Бұл метандростенолонға ұқсас әсер ететін химиялық құрылымы бар анаболикалық стероид.

27 жастағы шабуылшы биылғы маусымда Қазақстан чемпионатының біріншілігінде 22 матч өткізіп, 18 (3+15) ұпай жинады.

Мұндай жағдай Қазақстан хоккейінің тарихындағы екінші рет болып отыр. Еске сала кетейік, 2013 жылы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Илья Соларев сальбутамол құрамында бар препаратты қолданғаны үшін екі жылға шеттетілген болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам