Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Әлемнің үздік қақпашысы 8 жыл отасқан әйелімен ажырасты

07.03.2025, 21:00

Марк-Андре тер Штеген бүгінде жарақатына байланысты ем алып жатыр

Әлемнің үздік қақпашысы 8 жыл отасқан әйелімен ажырасты
instagram.com/mterstegen1

«Барселона» клубы мен Германия құрамасының қақпашысы Марк-Андре тер Штеген бүгінде жарақатын емдеп жатыр. Танымал голкипердің жеке өмірінде де мәселе бар екен. Спортшы жұбайы Даниэламен ажырасып жатқанын мәлімдеді.

Жұп осыдан 8 жыл бұрын үйленген. Екі бала өсіріп отыр, кішкентайы бір жастан енді асты. Қақпашы бұл хабарды әлеуметтік желіде өзі хабарлап, мән-жайды айтудан бас тартты.

«Бәріне сәлем! Бәрін таразылай отырып Дани екеуміз екі жаққа кету туралы шешім қабылдадық. Бұл шешім бізге оңай болған жоқ. Бірақ бұл қадам екеуміз үшін де дұрыс болады деп ойлаймын.

Бар мақсатымыз – балаларымызға махаббатымызды сыйлап, олардың еш уайымсыз өмір сүруіне жағдай жасау. Ата-ана ретінде әрі қарай да бірлесіп жұмыс істеп, бір-бірімізге әдеттегідей үлкен құрметпен, алғыспен қараймыз.

Бұл жайтқа қатысты құпияларға сіздер де түсіністік танытасыздар деп ойлаймын. Рахмет. Құрметпен, Марк», - деп жазды ол.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам