«Барыс» ойыншылары үш айдан бері жалақы алмаған

14.03.2025, 22:21

«Барыс» ҚХЛ-да 12-орында келеді

«Барыс» ойыншылары үш айдан бері жалақы алмаған
instagram.com/barys_official

Астананың «Барыс» клубының ойыншылары үш айдан бері жалақы алмаған. Бұл туралы Шайба.кз жазды.

Естеріңізде болса, елордалық ұжым кеше, 13 наурызда, буллит бойынша «Адмиралдан» (5:4) басым түсті. Дегенмен 64 матчта небәрі 35 ұпай жинаған «Барыс» ҚХЛ-ның Шығыс конференциясында 12-орында келеді.

Ал «ГоловойОбЛед» мәліметінше, жылдың басында жалақыны кешіктіру - дәстүрге айналған мәселе. Себебі клуб бюджетіне қатысты құжаттарға қол қойылғанша біраз уақыт керек.

«Алдағы аптада жалақы толық төленуі тиіс», — деп жазды дереккөз.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам