Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалистері анықталды

03.01.2024, 13:48

Бұл ойындар 4-5 қаңтар күні өтеді

Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалистері анықталды
Чемпионат.ру

Жастар арасындағы хоккейден әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан командалар белгілі болды.

Дүниежүзілік біріншіліктің ширек финалдық кездесулерінде Финляндия Словакияны ұтса, америкалықтар Латвиядан басым түсті.

Бұған дейінгі сында әлем чемпионы атанған Канада ұлттық құрамасы чехтарға есе жіберіп, жарысты орта жолдан аяқтаған болатын. Сондай-ақ, Швеция хоккейшілері қосымша уақытта Швейцарияны қапыда қалдырды.

Енді әлем чемпионатының жартылай финалында АҚШ пен Финляндия, Швеция мен Чехия құрамалары ойнайтын болады. Бұл ойындар 4-5 қаңтар күні өтеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам