
Оның өлімінің себебі әлі айтылмады
Ресейдің Архангельск қаласында облыстық администрация басшысының орынбасары Владимир Ананьев хоккей ойнап жүрген сәтте кенеттен қайтыс болды. Қайғылы оқиға әуесқой клубтар арасында өтіп жатқан турнирде болған деп жазды «Shot» телеграм-каналы.
Шенеунік 66 жаста болған. Егде жасына қарамастан салауатты өмір салтын ұстанып, жиі хоккей ойнаған екен. Матч кезінде оның жүрегінің талмасы ұстап, айдынға құлаған. Содан есін жимастан бірнеше сағаттан кейін ауруханада көз жұмды.
«Ананьев құлағаннан кейін есін жоғалтып алды. Оны құтқару үшін дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасаса да, өмірін сақтап қала алмады», - деп мәлімдеді Рен-ТВ телеарнасы.
Алдын ала болжам бойынша, шененуніктің жүрегі тоқтап қалған. Алайда, дәрігерлер өлімнің нақты себебін әлі ресми жариялаған жоқ.