
Бұған дейін матчты Түркияда өткізу жоспарланған еді
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путин телефон арқылы сөйлесіп, екі елдің хоккей командалары арасында жолдастық матч өткізуге келіскен болатын. Аталған кездесу Астанада өтуі мүмкін деп жазады Orda.kz.
Бұған дейін матчты Түркияда өткізу жоспарланған еді, бірақ қазіргі таңда Қазақстанның мүмкіндігі жоғары екені айтылуда.
Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан – бұл маңызды кездесуді өткізуге ең қолайлы алаң болып отыр.
Бұған еліміздегі ірі халықаралық іс-шараларды ұйымдастырудағы тәжірибесі, қауіпсіздік талаптарын жоғары деңгейде қамтамасыз ету қабілетін көрсететіні мысал ретінде айтылған.
Сонымен қатар, Астанадағы 11 мыңнан астам көрерменге арналған «Барыс Аренаның» халықаралық стандарттарға толықтай сай келетіні ескерілген.
Десе де, мұның бәрі әлі келіссөз деңгейінде қалып отырған мәселе екенін айта кету керек. Қос елдің хоккей федерациялары өзара әлі келісімге келмеген. Тіпті, АҚШ тарапы мұндай матчтың өтуі екіталай екенін айтып отыр.