
Қазақстан кестеде алтыншы сатыға сырғыды
Хоккейден 2025 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы күтпеген жерден Венгриядан 2:4 есебімен жеңілді. Бұл – қазақстандықтар үшін қатарынан екінші жеңіліс.
Ойын Данияның Хернинг қаласындағы «Йюске Банк Боксен» аренасында өтті. Венгрия алғашқы шайбасын небәрі 15 секундта соғып, чемпионаттағы ең жылдам голды тіркеді. Одан кейін Тербоч, Галло және Винце қарсылас қақпасына шайба енгізді.
Қазақстан сапынан Никита Михайлис (35-минутта) және Валерий Орехов (60-минутта) есеп айырмасын қысқартты. Қақпашы Максим Павленко 28 соққының 24-ін қайтарды.
Ойынның үздік ойыншысы ретінде капитан Роман Старченко танылды. Венгриядан — Вильмош Галло.
Қазір Венгрия үш ұпаймен бесінші орында, Қазақстан алтыншы сатыға сырғыды. Келесі матч 14 мамырда Данияға қарсы өтеді.