Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Қазақстан тағы оңбай ұтылды

18.05.2025, 22:25

Қазақстан хоккейшілері турнирде қатарынан бесінші рет жеңілді

Қазақстан тағы оңбай ұтылды
ҚХФ

Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатындағы алтыншы ойында АҚШ командасымен кездесті.

Олег Болякин айдынға мына құрамды шығарды:

Кудрявцев (Павленко); Бреус-Орехов, Михайлис-Старченко-Шестаков; Метальников-Королёв, Өмірбеков-Мұхаметов-Колесников; Гайтамиров-Бекетаев, Панюков-Лихотников-Савицкий; Михайлов-Данияр, Қайыржан-Волков-Муратов.

Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Есесіне екінші кезеңде американдықтар ойын тізгінін толықтай қолға алып, шабуылды үдетті: 27-минутта Фрэнк Назар есеп ашса, 32-минутта Джексон Лакомб есепті еселеді. Сонан соң Тейдж Томпсон (35-минут), Мэттью Бенирс (35-минут) пен Майкл Кессельринг (40-мин) мергендігімен көзге түсті.

Соңғы бөлікте АҚШ құрамасы қақпамызға алтыншы голды тоғытты. Бұл жолы 46-минутта Зак Веренски дәлдік танытты. Ал кездесудің соңғы нүктесін 60-минутта Владимир Волков қойып, құраманы құрғақ жеңілістен сақтап қалды. Қорытынды есеп — 6:1, АҚШ пайдасына.

Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирде қатарынан бесінші рет жеңіліп, үш ұпаймен B тобындағы турнирлік кестеде жетінші орынға жайғасты. Енді Болякин шәкірттері сейсенбі күні сағат 15:20-де Швейцария құрамасымен кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 1
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам