«Барыс» клубының бас директорына үміткер пайда болды

30.05.2025, 14:56

Бұл қызметтен бұрынғы спорт министрі Ермек Маржықпаевтың інісі үмітті

«Барыс» клубының бас директорына үміткер пайда болды
shaiba.kz

Шайба.kz сайты «Барыс» клубының жаңа бас директоры болып Рахат Маржықпаев тағайындалуы мүмкін екендігін жазды.

Бұл қызметтен бұрынғы спорт министрі Ермек Маржықпаевтың інісі үмітті.

Естеріңізде болса, 8 сәуір күні клубтың бас директоры болған Нұрлан Оразбаев қызметінен кеткен еді.

Оразбаев келгелі «Барыс» хоккей клубы бірқатар маңызды өзгерісті бастан өткерді. Жаңа басшылықтың алғашқы шешімдерінің бірі деп барлық солтүстік америкалық легионерлермен келісімшарттарды тоқтатқанын айтуға болады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам