Ресей 2026 жылғы Олимпиадаға қатыса алмайды

28.05.2025, 12:57

Халықаралық олимпиада комитеті арнайы мәлімдеме жасады

Ресей 2026 жылғы Олимпиадаға қатыса алмайды
championat.com

Ресейдің спорттық командалары, соның ішінде ұлттық хоккей құрамасы 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатыса алмайды.

Халықаралық олимпиада комитеті арнайы мәлімдеме жасады. Онда Ресейдің Украинаға қарсы соғысына байланысты салынған тыйым күшінде қалатыны айтылған.

ХОК бұл мәлімдемені ресейлік басылымдарда жарияланған Ресей хоккей федерациясы мен Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) арасындағы келіссөздерге қатысты ақпараттарға орай жасаған.

Келіссөздер Ресей құрамасының Олимпиадаға қатысу мүмкіндігін талқылауға бағытталған болатын.

«2023 жылдың наурызында ХОК атқарушы комитеті ресейлік төлқұжаты бар спортшыларға қатысты қабылдаған ұсыныс күшінде қалады. Жекелеген спортшылар бейтарап мәртебеде өнер көрсеткенімен, оларды команда деп есептеуге болмайды. IIHF бұл ұсынымды ұстанатынын растады», – делінген ресми хабарламада.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам