Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Хоккейден қыздар арасындағы жастар құрамасы Түркияның қақпасына жауапсыз 6 шайба соқты

17.01.2024, 11:02

Енді қазақстандық қыздар Латвия, Қытай және Нидерланд командаларымен ойнайды 

Хоккейден қыздар арасындағы жастар құрамасы Түркияның қақпасына жауапсыз 6 шайба соқты
icehockey.kz

Хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасында Нидерландының Херенвен қаласында ІІ дивизиондағы командалардың әлем чемпионаты басталды. Аталған жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысуда. Жерлестеріміз алғашқы ойынды жеңіспен бастады.

Olympic.kz сайтының жазуынша, А тобына түскен Қазақстан құрамасы Түркияның қақпасына жауапсыз 6 шайба соққан. Соның арқасында еліміздің хоккейшілері топтан шығу мүмкіндігін нығайтып отыр. 

Мұның алдында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы 1-турдағы матч 0-4 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталған болатын. Жалпы ІІ дивизионда Қытай, Латвия, Нидерланд, Ұлыбритания, Түркия мен Қазақстан бар. 

Біздің құрама команда енді 18 қаңтарда Латвиямен, сосын Қытай және Нидерланд екеуімен бір күні (21 қаңтарда) ойнайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам