Мейірімнің лицензиясын Жәнібекке берген кім? Қазақ пен қазақ жұдырықтассын! Жаңа подкаст!

Қазақстанның жас хоккейшілері Канвон олимпиадасының финалына шыға алмады

24.01.2024, 10:05

Олар енді үшінші орын үшін таласады

Қазақстанның жас хоккейшілері Канвон олимпиадасының финалына шыға алмады
olympic.kz

Жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан хоккейшілері (3x3 форматында) жартылай финалда Латвия құрамасынан жеңілді, есе – 6:19.

Еске салайық, Рамазан Қайдаров шәкірттері топтық кезеңде болған 7 кездесудің төртеуінде жеңіске жетіп, бірден жартылай финалға жолдама алған еді. Енді олар 25 қаңтарда үшінші орын үшін болатын матчта бақ сынап көреді.

Канвондағы қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынында әзірге бір алтын және бір қола медаль бар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам