Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

«Барыс» СКА-дан 0:7 есебімен жеңілді

25.01.2024, 09:22

Астаналық клубтың бапкері жеңілістің себебін түсіндірді

«Барыс» СКА-дан 0:7 есебімен жеңілді
Барыс ХК

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсетіп жатқан «Барыс» сырт алаңда Санкт-Петербургтың СКА командасымен кездесіп, ойсырай жеңілді. Олег Болякин шәкірттері өз қақпасына жауапсыз 7 гол жіберіп алған.

Ойынның бірінші кезеңінде алаң иелері екі шайба соқса, екінші кезеңде бір гол, үшіншіде төрт гол жіберіп алды. Осылайша «Барыстың» биылғы маусымдағы ең ірі жеңілісі тіркеліп отыр.

Астаналық команданың жаттықтырушысы Олег Болякин матчтан кейінгі баспасөз конференциясында бұл жеңілістен трагедия жасаудың қажеті жоқ екенін айтты.

«Қарсыласты жеңісімен құттықтаймын. Өте мықты команда. Олар өз мүмкіндігін барынша пайдаланды. Біз керісінше, аз мүмкіндіктің өзін пайдалана алмадық. Екі периодты біздің команда жақсы ойнады, мүмкіндіктер жасай алды. Гол соғуымыз керек еді. Ал, үшінші кезеңде ойыншылар тапсырманы орындамады, өздігімен әрекет етіп кетті. Мойымаймыз, әрі қарай кеттік», - деді Болякин.

Осылайша, 54 матчта 44 ұпай жинаған «Барыс» турнир кестесінің 11-сатысында келеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам