Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«Барыс» 7 минутта камбэк жасап, ҚХЛ-да көш бастады

09.09.2025, 21:47

Ал шешуші буллитті Кирилл Савицкий орындап, астаналықтарға жеңіс сыйлады.

«Барыс» 7 минутта камбэк жасап, ҚХЛ-да көш бастады
"Барыс" ХК баспасөз қызметі

Астананың «Барыс» клубы Құрлықтық хоккей лигасында Хабаровскінің «Амур» командасын жеңді.

Қонақтар есепті бірінші болып ашты. 20-минутта Олег Ли Андрей Шутов қақпасының жақын бұрышына шайба соғып, «Амурды» алға шығарды.

Екінші кезең басында Сергей Дубакин қақпа алдында сәтті ойнап, есепті 2:0-ге жеткізді. Алайда 30-минутта Райли Уолш алыстан дәл соққымен есепті қысқартса, арада үш минут өткенде Кирилл Савицкий шабуылды аяқтап, таразы басын теңестірді – 2:2.

Ал 37-минутта Эмиль Галиев жылдам қарсы шабуылды шебер аяқтап, «Барысты» алға шығарды.

Дегенмен үшінші кезеңнің 42-минутында Кирилл Петьков қақпашымен жеке шығып, нәтижелі соққы жасады – 3:3. Ойын овертаймға ұласты, бірақ қосымша уақытта есеп өзгермеді.

Буллит сериясында «Барыс» қақпашысы Андрей Шутов сенімді ойнап, қарсыластың екі соққысын қайтарды. Ал шешуші буллитті Кирилл Савицкий орындап, астаналықтарға жеңіс сыйлады.

Кездесудің қорытынды есебі: «Барыс» – «Амур» 4:3.

Енді «Барыс» 13 қыркүйекте өз айдынында минскілік «Динамоны» қабылдайды.

Айта кетейік, астаналықтар алғашқы ойында «Тракторды» овертаймда 4:3 есебімен жеңген болатын.

Сөйтіп екі турдың қорытындысы бойынша «Барыс» Шығыс Конференциясында көш бастап тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам