ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

«Барыс» қатарынан үшінші рет жеңіске жетті

Бүгін, 09:31

Астаналық клуб өз алаңында Мәскеудің «Динамосын» сенімді жеңді

«Барыс» қатарынан үшінші рет жеңіске жетті
ХК «Барыс»

Астаналық «Барыс» ҚХЛ-дың тұрақты чемпионаты аясында өз алаңында Мәскеудің «Динамосын» сенімді жеңді. Барыс Аренада өткен матч 5:2 есебімен аяқталды.

Матчтың басы қонақтар үшін сәтті басталды: олар небәрі 40-шы секундта есеп ашты. Бірінші кезең соңына дейін табло өзгеріссіз қалды. Алайда екінші кезеңде «Барыс» ойын тізгінін өз қолына алып, Ансар Шайхмедденов пен Вячеслав Колесниковтың көпшілікте соққан шайбаларының арқасында алға шықты. Соңғы кезеңде динамолықтар таразы басын теңестіргенімен, бұл олардың соңғы қуанышы болды. Майкл Веккьоне дубль авторы атанып, ал Алихан Өмірбеков тағы бір гол соғып, астаналықтардың жеңісін айқындады.

Бұл – «Барыстың» төрт турдағы үшінші жеңісі. Команда алты ұпай жинап, Шығыс конференциясында үшінші орынға жайғасты.

Енді 18 қыркүйекте астаналықтар сырт алаңда магнитогорлық «Металлургпен» кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам