
Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында астаналық «Барыс» өз айдынында омбылық «Авангардты» қабылдап, жеңілістер сериясын үзді.
Айта кетейік, қатарынан алты матчта жеңілген Михаил Кравец шәкірттері Лиганың аутсайдері саналады. «Авангард» болса – Шығыс конференциясының көшбасшысы.
Матч бастала салысымен астаналықтар қатарынан екі шайба соғып, сенімді түрде алға шыққан. Бірінші голды Райли Уолш өз еншісіне жазса, екіншінің авторы – Мэйсон Морелли.
Дегенмен, екінші кезеңде қонақтар жинақы тойнап, таразы басын теңестіріп кетті. Ал, шешуші үшінші кезең «Барыс» «Авангардқа» бас көтерткен жоқ. Майкл Веккьоне, Әділ Бекетаев, Всеволод Логвин және Дінмұхамед Қайыржан бір-бір шайбадан соғып, 6:2 есебін тіркеді.
Осы ойыннан кейін «Барыс» 16 ұпаймен жетінші орынға тұрақтаса, «Авангард» 22 ұпаймен екінші орынға төмендеді.
Астаналықтар 18 қазанда өз айдынында Қазанның «Ақ Барсын» қабылдайды.