2023 жылдың наурызында өткен алғашқы айқаста жеңісті Двалишвили жеңіп алған еді
Ресейлік файтер Петр Ян UFC 323 турнирінің басты жекпе-жегінде грузин Мераб Двалишвилиді жеңіп, жеңіл салмақтағы чемпиондық атағын қайтарып алды. Турнир АҚШ-тың Невада штатындағы Парадайс қаласында өтті.
Бес раундқа созылған тартысты айқаста Ян қазылар алқасының бір ауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті. Ресейлік спортшы қарсыласына өз ойынын жүргізуге мүмкіндік бермей, айтарлықтай басымдық көрсетті. Жекпе-жек алдында Двалишвили айқын фаворит саналған болатын.
Бұл олардың октагондағы екінші кездесуі. 2023 жылдың наурызында өткен алғашқы айқаста жеңісті Двалишвили жеңіп алған еді.
Двалишвили жеңіл салмақтағы чемпион атағын 2024 жылдың қыркүйегінде иеленген. Ол белбеуді қатарынан үш рет сәтті қорғап үлгерген. Бұл жолғы жеңіліс – оның 2018 жылдың сәуірінен бергі алғашқы сәтсіздігі.
Қазіргі көрсеткіші: 21 жеңіс, 5 жеңіліс.
Петр Ян алғаш рет чемпион атағын 2020 жылы жеңіп алған. Кейінгі жылдары ол титулынан айырылып, бірнеше күрделі жекпе-жектен өткен. 32 жастағы спортшының кәсіби рекорды – 20 жеңіс, 5 жеңіліс.