Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Қазақстандық файтер қыз титулдық айқастың басты үміткері атанды

23.12.2025, 09:31

Аян Тұрсын чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке шығады

Қазақстандық файтер қыз титулдық айқастың басты үміткері атанды
instagram.com/ayantursyn1

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Аян Тұрсын АҚШ-та өтетін турнирде чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке шығады.

Қазақстан өкілі америкалық Cage Fury Fighting Championships (CFFC) промоушенінде минималды салмақтағы вакантты чемпиондық титулды сарапқа салады. Ол бұл белбеу үшін жапониялық, әзірге жеңіліс көрмеген файтер Ариса Мацу́да (7–0) қарсылас атанады.

Титулдық жекпе-жек 6 ақпанда АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Филадельфия қаласында өтетін CFFC 150 турнирі аясында ұйымдастырылады.
31 жастағы Аян Турсын үшін бұл – CFFC лигасындағы дебюттік кездесу. Бұған дейін ол Octagon және Dala Fighting Championship промоушендерінде өнер көрсетіп, кәсіби мансабында 8 жеңіс пен 1 жеңіліс тіркеген.

Сондай-ақ кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы тағы бір вакантты чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Бұл айқаста Қырғызстан спортшысы Бусурман Жумагул (4–0) мен америкалық Дэниэл Моррисон (7–2) күш сынасады.

Қысқасы, CFFC 150 турнирі қазақстандық жанкүйерлер үшін ерекше маңызға ие: Аян Турсын ел тарихында жаңа чемпион атануға бір қадам жақын тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам