Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Қуат Хамитов UFC турнирін тізгіндейтін болды

26.12.2025, 10:02

Отандасымыз Ереванда өтетін Hype FC турниріне шақырту алды

Қуат Хамитов UFC турнирін тізгіндейтін болды
instagram.com/hype.fighting

Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов 30 желтоқсанда Ереванда өтетін Hype FC турниріне шақырту алды. 

Ресми анонсқа сәйкес, Қуат Хамитов аталған кештің жүргізушісі болады. Турнирдің басты жекпе-жегінде UFC ұйымының өкілдері – жеңіл салмақта рейтингтің бірінші нөмірі, армениялық Арман Царукян мен дағыстандық орта салмақ файтері Шарабутдин Магомедов («Шара Буллет») кездеседі. Айқас бразилиялық джиу-джитсу ережелері бойынша өтеді, ал жеңімпаз 84 келіге дейінгі салмақта Hype BJJ чемпиондық белбеуіне ие болады.

Айта кетейік, бұған дейін Қуат Хамитов Царукянмен бірге Мәскеуде өткен ACBJJ 20 турнирінің кардында өнер көрсетіп, UFC файтеріне ашық түрде шақыру тастаған еді. Сондай-ақ ол ресейлік Рашид Магомедовты жеңгеннен кейін «Менің елім» әнін орындап, Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленген болатын.
 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам