Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Шавкат Рахмоновтың жұбайы қатысқан жол апаты: іс жарты жылдан бері шешімін таппай келеді

26.01.2026, 18:02

Жол апаты өткен жылдың жазында Алматы-Екатеринбург тас жолында болған

Шавкат Рахмоновтың жұбайы қатысқан жол апаты: іс жарты жылдан бері шешімін таппай келеді
ашық дереккөз

UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гулайым Рахмонова қатысқан жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс әлі күнге дейін нақты шешімін таппай отыр.

Бұл туралы Halyqstan жазды. Тергеу органдары өткен жылдың соңында аяқтаған істі айыптау актісімен бірге Жамбыл облысының прокуратурасына жолдаған. Алайда қадағалаушы орган материалдарды полицияға қайта қайтарды.

Еске салайық, жол апаты өткен жылдың жазында Алматы-Екатеринбург тас жолында болған. Toyota Land Cruiser маркалы жол талғамайтын көліктің аударылуы салдарынан екі адам қаза тапты.

Бұған дейін Жамбыл облысы полиция департаменті редакцияның ресми сұрауына берген жауабында:

«ЖКО фактісі бойынша барлық қажетті процессуалдық әрекеттер жүргізіліп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды. Аталған азаматша куә ретінде, қорғауға құқығы бар тұлға мәртебесінде жауап алынды», – деп хабарлаған болатын.

Алайда содан бері алты айдан астам уақыт өтті. Осы кезең ішінде полиция өкілдері тек сараптама қорытындыларын күтіп отырғанын айтып келді, бірақ нақты қандай сараптамалар екені нақтыланбады. Тергеу 2024 жылдың желтоқсан айының соңында аяқталған. HALYQSTAN тілшісінің мәліметінше, айыптау актісінде Гулайым Рахмонова күдікті ретінде көрсетілген. Істің прокуратура тарапынан кері қайтарылуына осы жайт себеп болуы мүмкін.

Салыстыру үшін айта кетсек, Жамбыл облысында ҰҚК департаментінің қызметкерлері қаза тапқан жол апатына қатысты қылмыстық іс небәрі бірнеше айдың ішінде тергеліп, сотқа жолданған. Ал бұл жол-көлік оқиғасы шамамен сол кезеңде болғанына қарамастан, іс ұзақ уақыт бойы созылып келеді.

Мұндай кідірістің себебі неде?

Айта кету керек, бұл жерде белгілі бір адамды қалайда жауапқа тарту мақсаты көзделіп отырған жоқ. Алайда кез келген қылмыстық іс логикалық әрі уақтылы қорытындысын табуы тиіс. Іс неғұрлым ұзаққа созылған сайын, тергеудің объективтілігіне қатысты сұрақтар да көбейе түсетіні анық.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам