Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Gold» ММА-дегі дебютінде нокаутпен жеңілді

Бүгін, 00:11

Ол Еркебұлан Тоқтармен көктемде жекпе-жек өткізуі тиіс. 

«Gold» ММА-дегі дебютінде нокаутпен жеңілді
Әлеуметтік желі

Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен OCTAGON 84 турнирінде «Gold» лақап атымен танылған файтер Шахзод Узоков ММА-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіліс тапты. Ол бірінші раундта техникалық нокаутпен ұтылып қалды.

21 жастағы әзербайжандық файтер Мухаммадали Нурусов (рекорды - 2-0) сенімді өнер көрсетіп, жергілікті спортшының мысын басты.

Осы нәтижеден соң жанкүйерлер «Gold-тың» қазақстандық Еркебұлан Тоқтармен жоспарланған айқасы өтпей қала ма деп алаңдай бастады.

Айта кетейік, бұған дейін Узоков Еркебұлан Тоқтармен жекпе-жек өткізу туралы ресми түрде келісімшартқа қол қойған еді. Бұл кездесу ММА ережелері бойынша өтуі тиіс.
Еске сала кетсек, 26 желтоқсанда Ташкентте өткен бокс кешінде Тоқтар жергілікті спортшы Тимур Никулинді бірінші раундта нокаутқа түсірген. Сол жекпе-жектен кейін «Gold» рингке көтеріліп, қазақстандық файтермен төбелесуге дайын екенін білдірді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 3
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам