Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Рахмоновтың жарақатынан кейін Махачевке жаңа үміткерлер пайда болды

Бүгін, 09:43

«Номад» Махачевпен титулдық жекпе-жекке басты үміткерлердің бірі ретінде аталған

Рахмоновтың жарақатынан кейін Махачевке жаңа үміткерлер пайда болды
Коллаж Offside.kz

Америкалық Bloodyelbow.com порталы UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачевтің келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін талдап шықты. Бұл тақырып Қазақстан өкілі Шавкат Рахмоновтың кезекті жарақатына қатысты жаңалықтан кейін өзекті бола түсті.

Бұған дейін «Номад» Махачевпен титулдық жекпе-жекке басты үміткерлердің бірі ретінде аталған еді. Алайда өткен аптада Рахмоновтың тізесінен қайта жарақат алғаны белгілі болып, оның 9-10 айға қатардан шығуы мүмкін екені айтылды.

Осы жағдайға байланысты Bloodyelbow.com чемпионның алғашқы титулдық қорғанысында кіммен кездесуі ықтимал екенін бірнеше нұсқамен атады.

Порталдың жазуынша, Махачев жаңа белбеуін Камару Усманға қарсы қорғауға мүдделі. Бұл — жартылай орта салмақтағы ең танымал есімдердің бірі. Дегенмен Усман соңғы кезеңде тұрақты нәтиже көрсете алмай келеді: ол соңғы төрт жекпе-жегінің үшеуінде жеңілген.

Сондай-ақ жанкүйерлер арасында Иэн Гэрри мен Майкл Моралес есімі жиі аталады. Көпшілік олардың Махачевке қарсы титулдық мүмкіндікке лайық екенін алға тартады.

«Шавкат Рахмонов чемпиондық жарыстан түсіп қалған соң, Ислам Махачевтің келесі қарсыласы кім болады? Бұл сұраққа нақты жауапты уақыт көрсетеді. Махачевтің алғашқы қорғанысында кіммен шығатынын Дана Уайт пен UFC матчмейкерлері шешеді», – деп қорытындылайды портал.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауыз шешімімен жеңген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам