Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

UFC Шавкат Рахмоновты рейтингтен шығарып тастады

03.02.2026, 17:11

Бұған дейін «Номад» жартылай орта салмақтағы рейтингте екінші орында тұрған

UFC Шавкат Рахмоновты рейтингтен шығарып тастады
Getty images

Қазақстандық жартылай орта салмақтағы UFC файтері Шавкат Рахмонов дивизион рейтингінен ресми түрде түсіп қалды. 

Бұған дейін «Номад» жартылай орта салмақтағы рейтингте екінші орында тұрған және чемпиондық белдікке басты үміткерлердің бірі саналатын. Алайда UFC-дің ресми сайтында жарияланған жаңартылған рейтингте Шавкаттың есімі мүлде жоқ.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, бұл шешім Рахмоновтың жарақатына байланысты болуы мүмкін. Соңғы жаңалықтарда спортшының тізе жарақаты қайта асқынып, нәтижесінде 9-10 айға қатардан шығатыны айтылған еді. Ұзақ үзіліске байланысты UFC рейтингті жаңарту кезінде басқа үміткерлерге мүмкіндік берген сыңайлы.

Жаңартылған рейтинг бойынша, жартылай орта салмақта көш басында бұрынғыша Джек Делла Маддалена тұр. Ал екінші орынға Шавкаттың бұрынғы қарсыласы Иэн Мачадо Гэрри көтерілді. Үздік үштікті Майкл Моралес түйіндеді. Сонымен қатар топ-15 тізіміне Майкл Пейдж те енді. Ал бұл салмақта чемпиондық белдік қазіргі таңда Ислам Махачевтың қолында.

UFC жартылай орта салмақ рейтингінің толық нұсқасы:

  1. Джек Делла Маддалена

  2. Иэн Мачадо Гэрри

  3. Майкл Моралес

  4. Белал Мухаммад

  5. Карлос Пратес

  6. Шон Брэди

  7. Камару Усман

  8. Леон Эдвардс

  9. Хоакин Бакли

  10. Гилберт Бёрнс

  11. Габриэль Бонфим

  12. Джефф Нил

  13. Колби Ковингтон

  14. Дэниэл Родригес

  15. Майкл Пейдж

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам