Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Аяғын мен сындырдым»: Иэн Гэрри Шавкат Рахмоновты тағы кемсітті

03.02.2026, 20:22

Ол бұған дейін де солай айтқан. 

«Аяғын мен сындырдым»: Иэн Гэрри Шавкат Рахмоновты тағы кемсітті
©Zuffa LLC

UFC-де жартылай орта салмақта өнер көрсететін ирландиялық файтер Иэн Гэрри қазақстандық Шавкат Рахмоновтың жарақатына қатысты тағы да өткір мәлімдеме жасады. Ол өзін Рахмоновтың титулдық айқастан тыс қалуына басты себепкер деп атады.

Гэрридің айтуынша, Шавкат тізесінен алған жарақатты екеуара жекпе-жекте алған. Бұл ойды ирландиялық файтер бұған дейін де айтқан.

«Шавкаттың да, Белалдың да аяғын сындырған мен. Шавкат екі операция жасатқанын білемін, бірақ олардың қаншалықты сәтті өткенін ешкім нақты айта алмайды. Сондықтан ол ұзақ уақытқа қатардан шығып қалды.

Шавкат титулға төбелескісі келмегендіктен осындай қадамға барды дегенге сенбеймін. Естуімше, басты себеп - жарақат. Екеуара кездесуде тізесіне қайта-қайта теуіп, сол жарақатты асқындырып жібердім. Бұған толықтай сенімдімін», - деп мәлімдеді ол.

Белгілі болғандай, Шавкат Рахмонов соңғы екі жекпе-жегіне де жарақатпен шыққан. Тіпті Стивен Томпсонмен кездесуге бір ай қалғанда да ол аяғына гипс салдырып жүрген. Ал 2025 жылдың мамыр айында қазақстандық файтер Австрияда операция жасатқан еді. Осыдан біраз бұрын спортшы тағы дәрігерлер көмегіне жүгінген.

Айта кетейік, жартылай орта салмақ UFC-дегі ең тартысты әрі бәсекесі жоғары дивизиондардың бірі саналады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам