Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Асу Алмабаев көпбалалы әке атанды

16.03.2026, 18:22

Өз ұйым рейтингінде жетінші орында тұр.

Асу Алмабаев көпбалалы әке атанды
Асу Алмабаевтың жеке парақшасынан

UFC-дегі қазақстандық жауынгер Асу Алмабаев қуанышты жаңалығын бөлісті.

Америкалық промоушнде өнер көрсететін қазақстандық файтердің отбасында сәби дүниеге келді. Сүйінші хабарды ол өзінің Instagram парақшасында жеткізіп, жаңа туған қызымен түскен суретін жариялады. Нәрестеге Ерекше деген әдемі есім берілген.

«Қызым, сен мен үшін Ерекшесің», - деп жазды Алмабаев әлеуметтік желідегі жазбасында.

Айта кетейік, UFC-дің аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингінде жетінші орында тұрған спортшы осылайшы бес баланың әкесі атанып отыр. Бұған дейін 2023 жылдың желтоқсан айында төртінші баласы дүниеге келген еді.

Асу Алмабаев жеке өмірін көпшілікке жиі жариялай бермейді. Ол сұхбаттарында бірнеше рет көпбалалы әке екенін және отбасы оның өміріндегі ең басты құндылық екенін атап өткен.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам