Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Жалған жарақат»: UFC файтері Махачевті айыптады

17.03.2026, 11:50

Дана Уайт Махачевтің қолынан жарақат алғанын растаған еді.

«Жалған жарақат»: UFC файтері Махачевті айыптады
fighttime.ru

Ирландиялық UFC шебері Иан Гэрри ресейлік файтер Ислам Махачевтің жарақат алғаны туралы ақпаратқа күмәнмен қарайтынын айтты. Оның пікірін Red Corner MMA тарапы әлеуметтік желідегі Х парақшасында жариялады.

Бұған дейін UFC президенті Дана Уайт Махачевтің қолынан жарақат алғанын растаған еді. Осыған байланысты ол 14 маусымда Ақ үйде өтетін UFC турниріне қатыса алмайтын болды. Бұл кеште Махачев Илия Топуриямен жекпе-жек өткізуі тиіс еді.

Ал жеңіл салмақтағы чемпион Илия Топурия Махачевтің жекпе-жектен «қашып кеткенін» бұған дейін мәлімдеген. Кейін UFC 326 турнирінен соң өткен баспасөз мәслихатында Дана Уайт Ақ үйде мұндай жекпе-жек жоспарланбағанын алға тартты. Бірақ Махачевтің жарақат алғанын тағы да растады.

«Мен де мұны естідім, бірақ сенбеймін. Неге сенерімді білмеймін. Оның соңғы жекпе-жегінде Джек Делла Маддаленамен кездесуде қолын жарақаттап алды дегенге сену қиын. Мүмкін, атқа мінгенде алған шығар? Меніңше, бұл - жай ғана қырық сылтаудың бірі. Қазір Исламның істеп жүрген ісі менімен жекпе-жекке шыққысы келмейтінін байқатады. Белбеуді алғаннан кейін көптеген чемпиондар осылай істейді», - деді Гэрри.

14 наурыз күні журналист Рубен Картер Х әлеуметтік желісінде Гэрри мен Махачев арасындағы жекпе-жек 30 мамырда Сауд Арабиясында өтетін UFC 329 турниріне жоспарланғанын және тараптар келісімшартқа қол қойғанын хабарлады.

34 жастағы Ислам Махачев соңғы рет 2025 жылдың қарашасында октагонға шығып, австралиялық Джек Делла Маддаленаны жеңіп, жартылай орта салмақта чемпиондық белбеуді иеленген. Оның кәсіби мансабында 28 жеңіс және бір жеңіліс бар. Ал 28 жастағы Иан Гэрри 17 рет жеңіске жетіп, бір рет есе жіберген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам