Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Ақ үйдегі UFC жекпе-жектері ресми есепке енбеуі мүмкін

17.03.2026, 13:06

Турнир 14 маусым күні өтеді деп жоспарланған. 

Ақ үйдегі UFC жекпе-жектері ресми есепке енбеуі мүмкін
© Cooper Neill / Contributor / UFC / Gettyimages.ru

АҚШ-тағы UFC ұйымы Ақ үй аумағында өтетін ірі турнирді жергілікті атлетикалық комиссияның қатысуынсыз өткізуді жоспарлап отыр. Бірақ бұл шешімнің кесірінен жекпе-жек нәтижелері спортшылардың ресми рекордтарына енгізілмеуі мүмкін.

Колумбия округінің атлетикалық комиссиясының басшысы Эндрю Хаффтың айтуынша, ұйым бұл іс-шараға қатысты комиссиямен байланыс орнатпаған.

Оның сөзінше, заң бойынша округ аумағында өтетін кез келген спорттық іс-шара ортақ талаптарға бағынуы тиіс.

«Бізге бұл турнир жайлы ешқандай ақпарат түскен жоқ. Қандай деңгейдегі жарыс болса да, ұйымдастырушылар барлығы бірдей ережені сақтауы керек. Егер мұндай жағдай қалыпты тәжірибеге айналса, ертең кез келген адам қаладағы саябақта бокс кешін өткізе беруі мүмкін», – дейді Хафф.

Комиссия өкілдері атап өткендей, ресми рұқсатсыз өткен жекпе-жектер санкцияланбаған болып есептеледі. Ал мұндай жағдайда олардың нәтижесі кәсіби статистикаға енгізілмейді. Себебі ереже бойынша қатысушылардың барлығы, ол спортшы болсын, менеджер немесе промоутер болсын, міндетті түрде лицензия алуы қажет.

Ал UFC бұл талаптарды орындамайтынын ашық мәлімдеді. Ұйым турнирді толықтай өз күшімен өткізуді көздеп отыр. Оның ішінде салмақ өлшеу, медициналық тексеріс және допинг-бақылау секілді барлық рәсімдер де өз бақылауында болады.

Айта кетейік, бұл турнир АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай ұйымдастырылмақ. Жекпе-жектер 14 маусым күні Ақ үйдің оңтүстік алаңында өтеді. Кештің басты кездесуінде Илия Топурия мен Джастин Гэтжи жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеулерді біріктіру үшін октагонға шығады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам