Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық танымал спортшыны жекпе-жекке шақырды

27.03.2026, 21:30

Қазақстандық спортшы 28 наурызда кезекті айқасын өткізеді. 

Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық танымал спортшыны жекпе-жекке шақырды
Видеодан алынған кадр

Қазақстандық ММА шебері Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық файтер Абдумалик Ербутаевты жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған видеосында мәлімдеді.

Тоқтардың айтуынша, бұған дейін әлеуетті қарсыласы саналған Шахзод «Голд» Узоковтың сотталуына байланысты енді оның «жақын досымен» күш сынасқысы келеді. Видеодан қазақстандық спортшының Ербутаевпен тілдесіп, жекпе-жек өткізуге ауызша келісімге келгенін көруге болады.

Өз кезегінде өзбек спортшысы да бұл айқасқа дайын екенін және кез келген уақытта жұдырықтаса алатынын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық және өзбекстандық жанкүйерлер Тоқтар мен Узоков арасындағы әлеуметтік желідегі текетіресті ұзақ уақыт бойы бақылап келген. Тіпті тараптар жекпе-жекке келісімшарт та жасаған еді. Алайда наурыз айында Өзбекстанда Узоковтың үш жылға сотталғаны белгілі болды.

Абдумалик Ербутаев – жеңіл салмақта өнер көрсететін өзбекстандық ММА файтері. Ол ТМД кеңістігінде OCTAGON лигасы мен Hype FC промоушеніндегі жекпе-жектері арқылы танымал.

Ал Еркебұлан Тоқтарды ертең тағы бір маңызды айқас күтіп тұр. Ол қырғызстандық Марсель Нұрланбек уулына қарсы жекпе-жек өткізеді. ММА қолғаптарымен бокс ережесі бойынша өтетін бұл кездесу Армения астанасы Ереванда ұйымдастырылатын Hype Asia турнирінің басты оқиғасы болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам